Университет басшылығы мен ұжымы Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Жанар Каналбайқызы Букееваны туған күнімен құттықтайды!
Жанар Букеева – медицина ғылымдарының кандидаты, Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. 2009 жылдан бастап оқу блогы құрылымдық бөлімінің бастығы. Оның берік басшылығымен университетте университеттің академиялық саясатын қалыптастыру, Болон процесіне сәйкес білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару, ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асыру, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және басқа да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылады.
Құрметті Жанар Каналбайқызы! Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық пен мол бақыт тілейміз. Үйіңізде әрқашан сүйіспеншілік пен түсіністік болсын, жарқын сәттеріңіз көп болсын!