Бүгін Астана медицина университетінде IAAR Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сараптау комиссиясының жұмысы басталды. Үш күн ішінде комиссия «АстМУ» КЕАҚ резидентура бойынша білім беру бағдарламаларына баға береді.
Сыртқы сараптама комиссиясының бірінші күнгі онлайн-сапарының бағдарламасына жұмыстың ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау, ректор міндетін атқарушы А.К. Конкаевпен және университеттің проректорларымен кездесу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу, университеттің материалдық-техникалық базасымен визуалды түрде танысу, хирургиялық және терапиялық профильді кафедра меңгерушілерімен және кафедра оқытушыларымен кездесу, резиденттермен кездесу және оларға сауалнама қою, сондай-ақ бірінші күннің нәтижелерін талқылау және қорытындылау кіреді.