Құрметті, Астана медицина университетінің сүйкімді арулары!
Сіздерді көктемнің ең әдемі және жарқын мерекесі – 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
8 наурыз қарсаңында университеттің кәсіподақ белсенділерінің ерлер құрамы ханымдарымыздың ең әдемі, ерекше және шығармашылық фотосуреттеріне байқау өткізді. Комиссияға 50-ден астам сүйкімді сайыскерлердің фотосуреттері ұсынылды. Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты, және олар «Ең сүйкімді», «Менің кәсібім», «I LOVE MUA» номинациялары бойынша тек үш жүлдемен шектеліп қалмай, өз қалаулары бойынша 10 үздік фотосуретті таңдауға шешім қабылдады.
Сайыс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
- Рахметова Нурила;
- Дюсембаева Назигүл;
- Қожахметова Динара;
- Отарбаева Айсұлу;
- Мұратбек Елес;
- Жиенғалиева Ардақ;
- Қасенова Фарида;
- Сматова Арайлым;
- Ерсултанова Аккенже;
- Байқанова Раушан.
Табиғат әйелдерге теңдесі жоқ сұлулық пен сарқылмас қуат, рухани нәзіктік пен риясыз адалдықты, өмірлік даналық пен таңғажайып шыдамдылықты сыйлады.
Құрметті ханымдар, сіздер әрқашан жас әрі әдемі болып қала отырып, отбасылық ошақты сақтаумен, балаларды тәрбиелеумен айналысып, кәсіби және қоғамдық қызметте жетістікке жетіп жатасыздар.
Әрқашан сүйкімді де сүйікті болып қала беріңіздер!
Ізгі тілекпен, сіздердің кәсіподақ
Бейнероликті "АстМУ" КеАҚ баспасөз қызметі дайындады!