2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында №2 Акушерия және гинекология кафедрасында (кафедра меңгерушісі С.Ысқақов) оқитын 1, 2, 3 жылдық акушер-гинекологтар резиденттері үшін онлайн-дәрістер сериясы өтті. Сабақтарды Өзбекстан Республикасының Ташкент дәрігерлер біліктілігін арттыру институтының оқытушылары жүргізді (акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Каримова Ф.Д. және медицина ғылымдарының докторы Н.Х. Муминова). Дәрістер акушерліктің өзекті мәселелеріне арналды.
Ташкент дәрігерлер біліктілігін арттыру институтына жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!