Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Қазақстанның Денсаулық сақтау саласы: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, болашаққа бағдар» онлайн конференциясына сессияның Спикері ретінде қатысқаныңыз үшін Лариса Геннадьевна Макалкинаға шынайы алғысын білдіреді.
Іс-шара Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» негізгі бағытын іске асыру шеңберінде Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолдарын талқылауға бағытталған. Сонымен қатар, конференция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, көрнекті мемлекет қайраткері Салидат Зекенқызы Қайырбекованы еске алуға арналған.
ДСДҰҒО осы Алғыс хатпен Лариса Геннадьевнаға шынайы ниетімі мен ықыласын білдіреді! Деніне саулық, кәсібіне табыс пен жаңа биік белестерді тілейді! Орталықпен жемісті ынтымақтастық болашақта өз жалғасын табады деген үмітте!