Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзірбайжан медицина университетінде (Баку қ.) келесі бағыттар бойынша оқуға резиденттер арасында конкурс жарияланады:
Оқу мерзімі: 2021 жыл қараша айы, ұзақытығы 2 апта.
- Травматология – 1 орын;
- Онкология (ересектердің) – 1 орын;
- Неврология – 1 орын;
- Педиатрия – 1 орын;
- Неонатология – 1 орын;
- Ревматология – 1 орын;
- Гематология – 1 орын;
- Анестезиология және реаниматология – 1 орын;
- Сот-медицина сараптамасы – 1 орын;
- Физиотерапия және медициналық оңалту - 1 орын.
Резиденттердің есебінен: жол жүру ақысы, тәуліктік шығындар, тұрғын үй –жайды жалдау шығындары, ПТР-тест
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ТАЛАПТАР:
- Академиялық қарыздың болмауы;
- Тәртіптік жазаның болмауы;
- GPA деңгейі 2,67-ден төмен емес;
- Паспорт;
- COVID-19 вакцинация сертификаты.
Өтініштер 13.10 - 19.10.2021 ж. Интернатура мен резидентураның орталығында қабылданады.