Абуали ибни Сино атындағы Тәжік медицина университетінің делегациясы қалыпты физиология кафедрасына келді

Абуали ибни Сино атындағы Тәжік медицина университетінің делегациясы қалыпты физиология кафедрасына келді

Абуали ибни Сино атындағы Тәжік медицина университетінің делегациясы қалыпты физиология кафедрасына келді

2021жылдың 19 қазанында ғылыми-зерттеу қызметі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында, Абуали ибни Сино атындағы Тәжік медицина университетінің делегациясы: ғылым жұмысы бойынша кадрлар дайындау маманы, стратегия дамыту және менеджмент орталығының маманы, сонымен қатар, қоршаған орта гигиенасы, қоғамдық денсаулық пен эпидемиология кафедраларының оқытушылары қалыпты физиология кафедрасына келді.

Тәжікстаннан келген әріптестермен кездесу барысында кафедра оқу процесінде кеңінен қолданатын интерактивті әдістерімен: PBLәдісі, Kahoot оқу платформасымен таныстырды. Сонымен бірге, организм жүйелері бойынша студенттердің физиологиялық зерттеулерін өткізетін электрофизиология лабораториясымен танысты. Келген қонақтар кафедраның жанжақты өмірін мәлімдейтін стендтердің ақпараттық мазмұндығына көңіл аударды.

Кездесудің соңында, қалыпты физиология кафедрасының ұжымы Тәжік медицина университетінің мамандарымен келешекте оқу процесі мен ғылыми-іс әрекет бойынша бірлескен ынтымақтастыққа сенім білдірді. Сонымен бірге, Тәжікстандағы физиологтардың жазғы мектебіне бару, және біздің студенттеріміз бен оқытушылардың екі жоғары оқу орындарында өтетін ғылыми-зерттеу конференцияларға қатысуы туралы келісім қалыптастырды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика