Қызылорда облысы білім басқармасының дарынды балаларға арналған №10 облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернаты " КММ оқушыларына Экскурсия

Қызылорда облысы білім басқармасының дарынды балаларға арналған №10 облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернаты " КММ оқушыларына Экскурсия

Қызылорда облысы білім басқармасының дарынды балаларға арналған №10 облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернаты " КММ оқушыларына Экскурсия

2021 жылғы 2 қарашада Жастар ісі және спорт орталығы "Қызылорда облысы білім басқармасының дарынды балаларға арналған №10 облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушыларына 9 адамға экскурсия өткізді.

Экскурсия барысында оқушылар университет мұражайына барып, университет тарихы, кафедралар, қызметкерлер, еліміздің медициналық университеттерімен ғылыми байланыстар және халықаралық байланыстар, студенттердің жетістіктері бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Университет мұражайына экскурсияны жарияланымдарды қолдау және кітапханалық қызмет көрсету орталығының жетекшісі - Кенжегулова Назира Жұмалиевна жүргізді.

Оқушылар оқу-клиникалық орталыққа барып, медицина университетінің студенттері, интерндері мен курсанттарын хирургия, терапия, педиатрия, акушерия және гинекология, анестезиология және реанимация, тар мамандықтар (травматолог, урология, офтальмология, оторинолоринголог) бойынша клиникалық дағдыларға оқытуға арналған жаттығу манекендері және виртуалды тренажерлер түріндегі симуляторлармен танысты. Таныстыру экскурсиясын Оқу-клиникалық орталығының жетекшісі Саттыклышов Берік Сапарбайұлы жүргізді.
Сондай – ақ, оқушылар Жастар ісі және спорт орталығының жетекшісі Нұрбек Нұрфазылұлы Мүсіреповпен кездесіп, университетке түсу және жатақханада тұру туралы барлық сұрақтарды қойды.
Оқушылармен ЖОО холлында естелік фотосуреттер түсірілді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика