Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерімен «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті кафедраларының ынтымақтастығы

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерімен «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті кафедраларының ынтымақтастығы

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерімен «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті кафедраларының ынтымақтастығы

Қоғамдық денсаулық және гигиена, Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедраларының серіктестік және тәрбие жұмысы шеңберінде Нұр-сұлтан қаласының № 72 мектеп-лицейінің оқытушыларымен және оқушыларымен үлкен жемісті жұмыс жүргізілуде.

Ынтымақтастық жыл сайын қол қойылған меморандум шеңберінде жылдық жұмыс жоспарымен бекітіледі, оның шеңберінде барлық іс-шаралар тәрбиелік, кәсіптік бағдар беру және ғылыми блоктарға бөлінген.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап бірнеше бірлескен іс-шаралар өткізілді:

  • №72 мектеп-гимназиясының медициналық кластері оқушыларының таныстыру экскурсиясы өткізілді (13.10.21 ж.), олар "Астана Медицина Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мұражайына барып, үйірме мүшелерінің жетістіктерімен, материалдық-техникалық жабдықтарымен және қоғамдық денсаулық және гигиена, Қоғамдық денсаулық және экология кафедраларында орындалатын ғылыми зерттеулердің тақырыптарымен танысты.;
  • кездесу барысында лицей оқытушылары мен оқушыларымен кездесуді ұйымдастыру, мектеп жобаларын әдістемелік сүйемелдеу бойынша негізгі мәселелер талқыланды;
  • 2021 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған экологиялық конкурстардың тақырыптары анықталды.

"Қоғамдық денсаулық және менеджмент" факультетінің деканы профессор Е.Д. Даленов және №72 мектеп-лицейінің директоры Г. А. Жүсіпованың атына белсенді ынтымақтастығы, оқушылардың АМУ ғылыми конференцияларына қатысуы, лицей оқытушыларының педагогтардың денсаулық жағдайын бағалау және тиімді алдын алу шараларын әзірлеу бойынша бастамашыл ҒЗЖ жобаларына қатысуы үшін алғыс хат жолданды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика