Құрметті PhD докторантурасына түсу үміткерлері!

Құрметті PhD докторантурасына түсу үміткерлері!

Құрметті PhD докторантурасына түсу үміткерлері!

Құрметті PhD докторантурасына түсу үміткерлері!

 «Астана медицина университеті» КеАҚ 01.02.2021 ж. бастап 15.05.2021 ж. дейін PhD докторантурасы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала іріктеу үшін құжаттарды қабылдайды:

  • 8D10101 «Мейірбике ғылымы»
  • 8D10102 «Медицина»
  • 8D10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
  • 8D10104 «Фармация»
  • 8D05101 «Биология»

Докторантураға түсушілер құжаттарды сұратылған форматта келесі сілтеме бойынша жолдауы тиіс:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScXZ5UcOu0A0e85jLFgycKrUlJmp1QYYeQi8YtoMfQlF1D4bA/viewform?usp=sf_link

Сұратылған құжаттардың тізбесі:

  1. ұйым басшысының атына өтініш (үлгі қоса беріледі);
  2. жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. резидентураны немесе магистратураны аяқтағаны туралы құжат (резидентурада немесе магистратурада оқуды аяқтағандар үшін);
  4. резидентурада немесе магистратурада оқығаны туралы анықтама (резидентурада немесе магистратурада оқитындар үшін);
  5. жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны аяқтаған адамдар үшін кемінде 1 жыл жұмыс өтілі);
  6. мамандықты таңдағаны туралы эссе (үміткер диссертацияның тақырыбын және жоспарын таңдау туралы өзінің көзқарасын көрсете отырып, А4 форматындағы 2 беттен аспайтын көлемде қазақ немесе орыс тілдерінде еркін нысанда жасайды).
  7. шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болса; сертификат болмаған жағдайда - оны екінші кезеңіне ұсыну қажет).

Алдын ала іріктеу кезеңінде шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды нострификациялау талап етілмейді. Бұл процедура оқуға қабылдаудың екінші кезеңінде міндетті болып табылады.

Құжаттарды қарастыру және үміткерлердің эссе шығармаларын зерделеу 16.05.2021 ж. – 31.05.2021 ж. аралығында өтеді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша докторантурада оқуға қабылдаудың екінші кезеңіне жіберу/жібермеу туралы шешім шығарылады. Шешім туралы ақпарат комиссия отырысынан кейінгі келесі күні университет сайтында орналастырылады.

Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша Апелляция жүргізілмейді.

Ескертпе: докторантураға түсуге үміткерлердің екінші кезеңде «Магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі болуы немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтауы тиіс.

Алдын ала іріктеу үшін құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтініші қаралмайды!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика