«Астана медицина университеті» КеАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін Мемлекеттік тілді дамыту тобының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 3-11 қараша аралығында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК базасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №172 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өткізілді.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге университеттің 50 қызметкері қатысты. Таңдаған деңгейлері бойынша тиісті балл жинаған қатысушыларға қазақ тілін меңгергендігін растайтын сертификаттар табысталды.