Астана медицина университеті «дезинфекциялық құрал» пайдалы моделіне патент алды

Астана медицина университеті «дезинфекциялық құрал» пайдалы моделіне патент алды

Астана медицина университеті «дезинфекциялық құрал» пайдалы моделіне патент алды

«Астана медицина университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу қызметі департаменті мен серіктесі химик-технолог Маржан Қуанышқызы Досмағамбетованың ұзақ және бірлескен жұмысынан кейін Астана медицина университеті 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 5802 нөмірлі «дезинфекциялық құрал» пайдалы моделіне патент алды.

Бұл Дезспрей құралы балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың, мектептердің және басқа үй-жайлардың әуе кеңістігін әртүрлі бактериялардан, вирустардан, оның ішінде COVID-19-дан зарарсыздандыруға арналған.

Бұл өнімнің бірегейлігі – мұндай құралдың аналогтары әлі жоқ. Оның артықшылығы – бұл сүт қышқылы негізінде жасалған табиғи, биологиялық қауіпсіз өнім.

Бұл қышқыл жоғары диффузиялық қасиеттерімен, орташа қышқылдану қабілетімен, күшті микробқа қарсы әсерімен сипатталады. Теріні және шырышты тітіркендірмейді, сақтауға және жоғары температураға төзімді. Сүт қышқылына негізделген Дез Спрейі микробқа қарсы әсердің кең спектріне ие, уыттылығы төмен, адамдардың қатысуымен аэрозольді дезинфекциялау кезінде қолдануға ыңғайлы. Сыртқы ортада РН 2,0±0,25 кезіндегі сүт қышқылы микроорганизмдерге зиянды әсер етеді және әртүрлі грам-теріс және грам-оң микроорганизмдерге, туберкулез қоздырғыштарына, тыныс алу органдарының вирустарына, Кандида және Трихофитон саңырауқұлақтарына, көгергіш саңырауқұлақтарға қарсы, микробқа қарсы белсенділігі мол. Препараттың құрамына полигексаметиленгуанидин гидрохлоридін енгізу оның микробқа қарсы қасиеттерін күшейтеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика