«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты медик-студенттер арасында онлайн форматта шығармашылық халықаралық байқау

«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты медик-студенттер арасында онлайн форматта шығармашылық халықаралық байқау

«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты медик-студенттер арасында онлайн форматта шығармашылық халықаралық байқау

2021 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты медик-студенттер арасында онлайн форматта шығармашылық халықаралық байқау өтеді. Байқауға қатысу үшін өлең шумақтарын мәнерлеп оқыған бейнебаян (видео) konkurs.mua@bk.ru электрондық мекен – жайына 2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін жіберулері керек. 

Байқау жұмысының номинациялары: 

  1. Мен Тәуелсіз еліммен мақтанамын. 
  2. Дәрігерлердің Отан үшін ерлігі. 
  3. Дәрігер болу кәсіп емес, дәрігер болу – дарын. 
Бағалау критерийлері: 
  • Тақырыптың жаңашылдығы және түпнұсқалығы; 
  • Мәнерлеп оқылуы; 
  • Бейнебаян ( видео) уақыты 3–5 минут болуы қажет. 
Байқауға бейнебаян қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде қабылданады. 
Байқау қорытындысын жариялау және марапаттау рәсімі 10 желтоқсан күні сағат 15.00-де онлайн форматта ZOOM платформасында өткізіледі. Сілтеме қосымша жіберіледі. Байқау жеңімпаздары әрбір номинация бойынша анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен, арнайы грамоталармен марапатталады. 

Толық ақпарат

Ұйымдастыру комитеті: 
  1. Мажитова Ж.С. – тарих ғылым. докторы, профессор +77473307316 
  2. Усупова Ч.С. – филос. ғылым докторы, доцент +996772192574 
  3. Нагайбаева З.А. – әлеум.ғылым.кандидаты, доцент +7477236726 
  4. Колганатова С.Б. – магистр +77073949473 
  5. Жалмурзина А.Ж. – магистр +77016857225 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика