Жылдың үздік волонтерлары - 2021

Жылдың үздік волонтерлары - 2021

Жылдың үздік волонтерлары - 2021

Университетіміздің 1 курс уролог-резиденті Әбдірәш Абылайхан басқарып отырған Қазақстан «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін халықаралық «Жыл волонтёры -2021» премиясының жеңімпазы атанды. «Жыл волонтеры» сайысына Әзірбайжан, Ресей, Түркия мемлекеттері және еліміздің барша облысының волонтері қатысып, 16 номинация бойынша бақтарын сынады.

«Медицина жастары» РҚБ 2019 жылы Астана медицина университеті қабырғасында Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының студенттері және денсаулық сақтау жүйесінің жас қызметкерлері мен мамандарын біріктіру мақсатында құрылып, қазіргі таңда еліміздің барша аумағында өз филиалдары қызмет атқаруда.
«Медициналық жастар» РҚБ волонтер-медиктері 2019 жылдан бастап Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға айтарлықтай көмек көрсетті:
Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде 110 волонтер тұрғындарды қабылдау пункттерінде алғашқы медициналық көмек көрсетті.
COVID 19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде дәрігерлермен бірге медициналық еріктілер уақытша ауруханаларда жұмыс істеді.
2020 жылы Қазақстанның 14 аймағында волонтер-медиктердің мектептері ашылып, республика бойынша 2000-ға жуық волонтер оқытылды.
Қазіргі уақытта республиканың барша аумағында «Медициналық жастар» РҚБ филиалдары жұмыс істейді және оның қатарында 3000-ға жуық медициналық волонтер-медиктер бар, олардың 200-ден астамы – «АстМУ» КЕАҚ студенттері.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика