Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер конкурсы

Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер конкурсы

Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер конкурсы

"Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Жастарының конвенті" жеке қоры Нұр-сұлтан қаласының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша 2 номинация бойынша конкурс өткізеді:

  1.  "Үздік вайн, скеч, пародия, клип, анимациялық бейне, тик-ток".
  2. "Ең жақсы әлеуметтік бейне, бейне карта, вирустық бейне".
Бейнероликтер байқауының ережесі

Байқау талаптарына сәйкес, қатысушылар өздерінің бейнероликтерін жасап, жүзеге асыруы қажет. Байқау комиссиясының шешімі бойынша үздік бейнероликтер анықталады. Байқау жеңімпаздары әр номинация бойынша ұйымдастырушылардан ақшалай сыйлықтар алады:

1 орын - 300.000 теңге
2 орын - 250.000 теңге
3 орын - 200.000 теңге

Арнайы 2 үздік бейнеролик үшін 25 000 теңгеден беріледі.

Конкурс 2021 жылғы 30 қарашадан 9 желтоқсанға дейін Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Қатысушы 9 желтоқсанға дейін бейнеролик дайындап, оны nur-sultan_konkurs_2021@mail.ru электронды поштаға жіберуі керек.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы жастары қатыса алады.


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика