«Астана медицина университеті» КеАҚ қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Абу Али ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде өткен ғылыми-зерттеу конференцияға қатысып, конференцияға қатысушыларынаа сәлемдесу сөздер жолдап, пленарлық отырыста «COVID-19 жағдайында қолданылатын желдету режимдерін оңтайландыру жолдары» атты тақырыпта баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Стресс және денсаулық» атты симпозиумға симпозиумның тең торағасы есебінде қатысып, «Жедел қан жоғалтудың церебральды айналымға әсері және ерте геморрагиялық кезеңдегі ағзаның иммундық төзімділігі» туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық аясында профессор К.М. Хамчиев Абу Али ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің медицина факультеті 2 курс студенттеріне 42 сағат көлемінде практикалық сабақ пен дәріс өткізді. Аталған университеттің студенттері терең қызығушылықпен дәрістерді тыңдады, сұрақ жолдап, практикалық сабақтарға белсенді түрде қатысты.
