Еуразиялық патенттік ведомство Еуразиялық патенттік ұйымның 25 жылдығына арналған «Болашаққа көзқарас» атты Еуразиялық патенттік универсиада өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Универсиада дарынды жастарды қолдау, зияткерлік меншік мәселелеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіледі.
Универсиадаға қатысуға білім беру ұйымдарының студенттері және 18 бен 25 жас аралығындағы басқа да мүдделі адамдар шақырылады.
Универсиада келесі тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар (ғылыми-техникалық шығармашылық нәтижелері ұсынылатын жұмыстар) байқауы түрінде өтеді:
- «Біз Н. Тесланың ұрпағымыз. Табиғаттың барлық заңдары біздің қолымызда»;
- «Біз Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Зерттеумен айналасамыз ба? Иә! Біз өмір жылдарын арттырамыз!»;
- «Біз Авиценнаның ұрпағымыз. Біз «Медицина канонының» алтыншы томын жасап жатырмыз!»;
- «Біз А. Гаудидің ұрпағымыз. Ол не, ертеңгі қала деген? »;
- «Әрдайым байланыста – біз бірге оқимыз, бірге демаламыз. Қашықтықтан оқыту және интерактивті бос уақытты өткізу жүйелері»;
- «Әлеуметтік желілердегі әлеуметтік арақашықтық – қазіргі әлемдегі қауіпсіз байланысты қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері»;
- «Вирустардан қорғау – жауды жою оңай емес! Дәрігерлер мен науқастарды инфекциядан жеке қорғау жүйелері»;
- «Шапшаң, биік, күшті және... жақын! Пандемия жағдайындағы инновациялық тренажерлар мен жүйелер».
Шығармашылық жұмыс орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Тапсырма қарапайым мәтіннің 20 парағынан аспауы керек.
Шығармашылық жұмыс фотосуреттермен, иллюстрациялармен, сызбалармен, шығармашылық жұмыстарда ұсынылған ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін қажетті суреттермен бірге жүруі мүмкін.
Шығармашылық жұмыстарды жіберудің соңғы мерзімі: 2020 жылғы 15 қазан – 2021 жылғы 28 ақпан.
Универсиаданың нәтижелері 2021 жылдың 31 наурызына дейін жарияланады.
Эпидемиологиялық тоқтауды ескере отырып, жұмыстар электронды түрде info@eapo.org электронды мекен-жайына жіберіле отырып ұсынылады (қоса берілген файлдардың көлемі 10 Мб аспауы керек), міндетті түрде «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік Универсиадасына Қатысу үшін» деп көрсетілуі керек.