Астана медицина университетінің Анестезиология және реаниматология кафедрасының доценті Қабдуалиев Асқар Қасенбайұлы COVID-19 пандемиясы кезінде практикалық денсаулық сақтау саласына көрсеткен көмегі үшін ҚР Президентінің 2021 жылғы ... желтоқсандағы №.... Жарлығымен "Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Марапатты ҚР ІІМ "Әскери-медициналық госпиталь" ММ бастығы Байменов Аманжол Жұмағалиұлы табыстады.
Астана медицина университетінің ұжымы мен басшылығы Асқар Қасенбайұлы Қабдуалиевті лайықты марапатымен құттықтайды! Асқар Қасенбаевичтің еңбегіне табыс, қажымас қайрат тілейміз!