Профессор Джанабаев Дүйсебай Жанабайұлы "Құрмет" орденімен марапатталды

Профессор Джанабаев Дүйсебай Жанабайұлы "Құрмет" орденімен марапатталды

Профессор Джанабаев Дүйсебай Жанабайұлы "Құрмет" орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Астана медицина университеті" КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Джанабаев Дүйсебай Жанабайұлы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамыту және халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласындағы еңбегі мен жетістіктері, 50 жылдан астам еңбек қызметі кезеңінде адамдардың өмірін құтқаруға және азаматтардың денсаулығын қорғауға қосқан зор үлесі, белсенді ұстанымы, мінсіз беделі және үздік кәсіби жетістіктері үшін "Құрмет"орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай профессор Д.Жанабаевты марапаттау рәсімі Нұр-сұлтан қаласының әкімдігінде салтанатты түрде өтті, онда марапатты қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов табыс етті.

Университет пен радиобиология және радиациялық қорғау институтының ұжымы Дүйсебай Жанабайұлын лайықты марапатымен құттықтайды, оған және оның отбасына денсаулық және табыс тілейді!

Дүйсебай Жанабайұлы Жанабаев халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау институтының магистрлік және докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі Ғылыми кеңестің мүшесі (Астана қ.), халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау университетінің еңбек сіңірген профессоры (Прага қ., Чехия), Жоғары мектеп оқытушыларының Еуропалық қоғамының құрметті мүшесі, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының "Алтын дәрігер", жоғары біліктілік санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек ардагері.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика