Астана медицина университетінің командасына алғыс

Астана медицина университетінің командасына алғыс

Астана медицина университетінің командасына алғыс

Балқаш қаласының №1 емханасының басшылығы болашақ дәрігерлерді даярлаудағы баға жетпес үлесі үшін Астана медицина университетінің ұжымына ризашылығын білдірді.

«Құрметті Дайнюс Павалькис! Университетіңіз көптеген жылдардан бері халықтың денсаулығы үшін жұмыс істейді, түлектеріңіз – медицина саласындағы жоғары білікті мамандардың жұлдыздары, олар біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресте әрдайым алдыңғы қатарда болып келеді. Түлектеріңіздің кәсіби қасиеттерін біздің еліміздің барлық медициналық қауымдастығы жоғары бағалайды және «Балқаш қаласының №1 емханасы» КМК әкімшілігі атынан сіздің университетіңізге және жеке өзіңізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Жоғары кәсіби шеберліктің үлгісі болып интерндер Джаханова Жамиля Серікболқызы (737 ЖДП тобы) және Кебентай Бексұлтан Қайратұлы (640 ЖДП тобы) табылады. Джаханова Ж.С. 2020 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін КВИ бөлімінде медбике болып жұмыс істейді, Кебентай Б.Қ., алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезінде жедел жәрдем бөлімінде фельдшер болып жұмыс істейді. Осы интерндердің жоғары теориялық дайындығы мен кәсібилігін, олардың жауапкершілік, сауаттылық, кәсіпқойлық, тәртіптілік, оқу сияқты жеке қасиеттерін тағы бір рет айта отырып, сіздердің тамаша ұжымыңызға болашақ денсаулық қорғаушыларды дайындаудағы баға жетпес үлесі үшін алғыс айтамыз».

Балқаш қаласының «№1 емхана» КМК директоры С. Түсіпбеков

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика