13 қаңтарда Астана медицина университетінің 1, 4 және 5 курс студенттерінің университет ректоры профессор Дайнюс Павалькиспен және деканат қызметкерлерімен оқу форматы жөнінде бір қатар онлайн кездесулері өтті.
Қазіргі уақытта аралас форматтағы оқытуды ұйымдастыру туралы шешім қабылдануда, және жоғары курс студенттері үшін клиникалық базаларда және симуляциялық технологиялар орталығында оқу кестесі дайындалады. Сондықтан 22 қаңтардағы Сенат отырысы мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінен оң қорытынды күтілуде.