Бүгін университетте Қазақстанда мейіргерлік ғылымды дамытуға бағытталған AccelEd – Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру бойынша жаңа жобаны бастау мақсатындағы кездесудің алғашқы күні өтіп жатыр.
Кездесуге 100-ден астам ниет білдірушілер қатысуда, олардың арасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Парыз» мейіргерлер қауымдастығының, денсаулық сақтау ұйымдарының, Қазақстандағы және шет елдердегі медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері бар.
Жиналыстың алғашқы салтанатты күнінің бағдарламасына сәйкес іс-шара қонақтары серіктестерді жобаның басталуымен құттықтап, оның сәтті жүзеге асырылуын тіледі. Жобаның жалпы шолуы да өткізілді, енді серіктестер өздерінің университеттерімен таныстыруда: Литва денсаулық ғылымдары университеті (Литва), Або академия университеті (Финляндия), Ювяскыля қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия), Утрехттегі университеттік аурухана (Нидерланды) және қазақстандық ұлттық университеттер С. Асфендияров атындағы ҚазНМУ, Қарағанды медицина университеті, Назарбаев университеті, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы.
Барша қатысушыға сәттілік тілейміз!