Астана медицина университетінде «Nur Otan» партиясы ХХІ съезінің қорытындылары талқыланды

Астана медицина университетінде «Nur Otan» партиясы ХХІ съезінің қорытындылары талқыланды

Астана медицина университетінде «Nur Otan» партиясы ХХІ съезінің қорытындылары талқыланды
Бүгін, 24 ақпанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Павел Олегович Казанцев пен «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазина Астана медицина университетіне жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында қонақтар Астана медицина университетінің қызметімен танысты. Университет ректоры Камалжан Талғатұлы Надыровпен әңгімелесу барысында университетте атқарылып жатқан жұмыстар мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтылды.
Депутатпен кездесуге университет студенттері мен оқытушы-профессорлар да шақырылды.
П.О. Казанцев ХХІ партия съезінің қорытындылары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілетін съезд туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы өзінің 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасының орындалуын Жол карталарына тіркеген жалғыз партия екені айтылды. Жол карталарында әр облыста, қалада және ауданда жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты орындаушылармен нақты нысаналы индикаторлар мен мерзімдер көрсетілген.
Одан әрі кездесу сұрақ-жауап форматына ауысты. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
Павел Олегович Президент Қ.К. Тоқаевтың алдағы жаңғырту, оңтайландыру және толық қайта жүктеу және партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құрылымдау туралы тапсырмасы туралы да айтты.
Қорытындылай келе, студенттер Парламент Мәжілісінің депутатынан университетке тағы да, бірақ басқа – көлемді – форматта келуді сұрады!
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика