Морфология және физиология бойынша модульдік біріктірілген жүйені әзірлеуде кафедралардың ынтымақтастығы

Морфология және физиология бойынша модульдік біріктірілген жүйені әзірлеуде кафедралардың ынтымақтастығы

Морфология және физиология бойынша модульдік біріктірілген жүйені әзірлеуде кафедралардың ынтымақтастығы

2022 жыдың 25 ақпан күні гистология және цитология, адам анатомиясы және қалыпты физиология кафедралары арасында кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналыста морфология және физиологияға арналған модульдік-интеграцияланған жүйені әзірлеу тақырыбы бойынша сұрақтар қарастырылды. Жиналысқа қатысқандар: қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі профессор К.М. Хамчиев, профессор С.С. Ибраева, профессор Ж.А.Рахимжанова, гистология және цитология кафедрасының меңгерушісі профессор А.А. Кикимбаева, аға оқытушылар З.К. Исаева мен А.М. Тулиева, сонымен қатар адам анатомиясы кафедрасының меңгерушісі профессор А.Ы. Алмабаева, профессор М.К. Жаналиева, профессор Ф.М. Сулейменова, аға оқытушы Г.К Сагимова.

Үш кафедраның бірлескен жұмысы нәтижесінде «Жалпы медицина» факультетінің 1-2 курс студенттеріне арналған «Морфология және физиология негіздері» мен «Жеке гистология, анатомия және физиология» модульдері бойынша интеграцияланған бағдарламалар дайындалды. Бұл бағдарламалар модульдік-интеграцияланған жүйенің маңызды құрамдас бөлігін құрайды және негізгі пәндерді оқыту және білім беру үрдісінің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика