2022 жылдың 9 наурызында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Жалмурзинаның ұйымдастыруымен, Жалпы медицина факультетінің 2 курс 212-213 топтарының қатысуымен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты танымдылық кеші өткізілді. Кешке Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканы профессор Даленов Ерболат Дербисалиевич, Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Омарова Бибіжамал Қожахметовна, Жалпы медицина факультеті деканының орынбасары Тұрар Олжас Асқарұлы қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Кеште студенттер А. Байтұрсынұлының өміріне арналған видео-ролик дайындап, өлеңдерін оқып, өмірінен қысқаша үзінді көрсетіп, хормен өлеңін айтты.