Ғылыми-тәжірибелік конференция туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Терінің созылмалы қабыну үрдістері.

Пәнаралық мәселелер.

Ұйымдастырушылар:

Дерматовенерология және дерматокосметология,

Дәлелдемелі медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедралары

Конференцияға қатысқаныңызға қуаныштымыз!

«Астана Медицина Университеті» КеАҚ-ы студенттерді, интерндерді, резиденттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды «Терінің созылмалы қабыну үрдістері. Пәнаралық мәселелер» атты ғылыми- тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс және секциялық жұмыс, тақырыптық талқылаулар өткізу қарастырылған. Конференция нәтижесінде конференция материалдарының жинағын шығару мүмкіндігі бар.

Өткізу уақыты: 2022 жылдың 15 сәуірі

Өтетін орны: Астана Медицина Университеті

Конференцияның жұмыс тілдері: орыс, қазақ, ағылшын.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

Университет студенттерінің іргелі клиникалық пәндер бойынша оқу, танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін ашу және терапия, дерматология және аллергология қиылысындағы мәселелер бойынша практикалық тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын құру.

ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ

• ауызша баяндама (ұзақтығы – 7 минуттан аспайды; талқылауға 3 минут);

• тыңдаушы ретінде қатысу;

Конференцияға қатысу тегін.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін тіркелу формасын толтырып, zulfiya.j@mail.ru поштасына өтінім жіберу қажет.

Барлық қосымша ақпарат Университеттің amu.edu.kz сайтында ЖАҢАЛЫҚТАР бөлімінде орналастырылады.

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫН ТОЛТЫРУ

Қатысушының аты-жөні (толық)

Білім деңгейі

(бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура, докторантура)

Факультет

Мамандық

Топ

Қатысу формасы (ауызша баяндау/ ауызша баяндамасыз)

Баяндама тақырыбы

Қатысушының e-mail адресі

КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМА ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Презентация MS Power Point бағдарламасында (Power Point 2003-2016) орындалуы керек.

2. Ауызша баяндаманың ұзақтығы 7 минуттан, талқылау 3 минуттан аспауы керек.

3. Баяндамашы презентациясын конференцияны ұйымдастырушыларға 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін жіберуі қажет.

4. zulfiya.j@mail.ru электрондық адреске жіберуіңізді сұраймыз

5. Ноутбуктің әртүрлі бағдарламалық құралына байланысты презентацияларыңызды *.ppt және *.pptx екі кеңейтімде сақтаңыз.

6. Презентацияға қойылатын талаптар: презентация жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жасалуы керек (ашық слайд + қара әріптер). Бірінші слайдта: жоғары оқу орнының атауы, содан кейін - кафедраның атауы немесе практикалық медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс орны, жұмыстың атауы; баяндаушының толық аты-жөні; жетекшісінің аты-жөні; қала және жыл және т.б.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика