«Медициналық зерттеулердің морфофункциялық аспектілері» атты профессор Әшім Бұлатұлы Әубәкіровті еске алу халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы

«Медициналық зерттеулердің морфофункциялық аспектілері» атты профессор Әшім Бұлатұлы Әубәкіровті еске алу халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы

2022 жылғы 26 тамызда сағат 09.00-де «Астана медицина университеті» КЕАҚ бас ғимаратының акт залында (Бейбітшілік к-сі, 49А) Ғалым, Ұстаз және Тәлімгердің 70 жылдығына, профессор Әшім Болатұлы Әубәкіровті еске алуға арналған «Медициналық зерттеулердің морфофункцияық аспектілері» атты Халықаралық ғылыми морфологиялық конференция өтеді.


Конференцияны ұйымдастырушы – профессор А.Б. Әубәкіров атындағы адам анатомия кафедрасы Конференцияға Қазақстанның, Беларустің, Ресейдің, Қырғызстанның, Түрікменстанның, Өзбекстанның медицина ғылымдары мен денсаулық сақтау саласындағы ғалымдар және жетекші мамандар қатысады. Конференция бағдарламасына морфология, клиника және пәнаралық медицина-биологиялық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен білім берудің өзекті мәселелері бойынша онлайн және офлайн форматтағы баяндамалар кіреді. Конференцияда пленарлық және секциялық отырыстар қарастырылған, оның барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді, яғни морфология және клиникалық ғылымдардың соңғы жетістіктерін, пәнаралық зерттеулер және морфологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін, морфология ғылымдарын оқытудағы кілтті мәселелер және оларды шешу жолдарын, морфологиялық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды енгізуді талқылайды. Бірқатар баяндамалар білім беру үдерістерінде цифрлық технологияларды қолдануға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және елдер университеттері арасындағы серіктестікті дамытуға арналады. Конференция аясында қатысушылар «Пирогов» интерактивті анатомиялық столының бірегей мүмкіндіктерімен таныса алады, ол ағзалар мен жүйелердің қалыпты және патологиялық жағдайлардағы құрылымын әртүрлі қырынан егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Конференцияны ұйымдастырудың мақсаты – тәжірибе және идеялар алмасу үшін халықаралық алаң құру, оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату, ғылыми зерттеулерді танымал ету, студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту, ортақ ғылыми жобаларды құруды талқылау, стартаптар, морфология ғылымдары дамуындағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерді анықтау. Конференция соңында қатысу туралы электрондық сертификатын беру жоспарлануда.

«Астана медицина университеті» КЕАҚ

Нұр-Сұлтан қ., Бейбитшілік к-сі, 49А.

тел.

Толығырақ...

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика