2022 жылдың 12 наурыз айында Спорт және жастар орталығы мен дене шынықтыру пән мұғалімдері бірлесіп университетіміздің қызметкерлері арасында волейболдан Ректор Кубогы жарыс өткізді.
Жарыстың басты мақсаты – біздің команданың қауымдастығы мен бірлігі, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау!
Ректор Кубогының иегері атағы үшін төрт команда күресті. Ойын нәтижесінде реабилитология және спорттық медицина кафедрасының командасы волейболдан кубокты жеңіп алды. Оның құрамында: А.А.Есеева, Мұхамбетжанов А.М., Кожемякина Н.Н., Байкөбенов Ш.Б., Асан М., Калин А.М.
Екінші орынға АУП командасы: Зикенов И.И., Нурбалин Н.С., Байзақова А., Атетов Е.Б., Ерсұлтанова А., Галиулин М. ие болды.
Үшінші орынға «Тарихшылар» командасы: Карбозов А., Қанжыл Ш., Неталин Д., Ахметова Г.Л., Абжалиева У. ие болды.
Жеңімпаз командалар кубок, медаль және мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз, сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз!