«Астана медицина университеті» КеАҚ 5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау», 5В130100 – «Жалпы медицина», 040100 – «Емдеу ісі», 040200 – «Педиатрия», 040600 – «Шығыс медицинасы», 5В130200 – «Стоматология», 5В110100 – Мейіргер ісі, 5В110300 – Фармация, 5В030100 – Құқықтану, 5В050600 – Экономика, 5B05007B «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051300 – «Әлемдік экономика» мамандықтары бойынша бакалаврлар үшін «Эпидемиология» мамандығы бойынша мамандандырылған магистратура бағдарламасына білім алушыларды қабылдайды.
Оқу мерзімі – 1 жыл.
Оқуды бітіргеннен кейін білім алушыға «7М10119 – «Эпидемиология» білім беру бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
Кәсіби қызмет саласы – нарықтық қатынастар жағдайындағы денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджментпен, ұйымдардың, персоналдың, ұйымдағы өндірістік процестердің эпидемиологиялық қауіпсіздігін бақылап, басқаратын денсаулық сақтау жүйесіндегі басқарма.
Кәсіби қызмет нысаны: Емдеу-профилактикалық қызметпен айналысатын ұйымдар/денсаулық сақтау ұйымдары, Қазакстан Республикасы денсауық сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерi, Тәуелсіз экологиялық сараптама орталығы, көліктегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетiнің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерi, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы.
Білім беру бағдарламаларының барлық топтары үшін кешенді тестілеудің бейіндік пәндерімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/perechen-grupp-obrazovatelnykh-programm-s-ukazaniem-profilnykh-distsiplin-kompleksnogo-testirovaniya/
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдер КТ тапсырғаннан кейін күнтізбелік жылдың 20 тамызына дейін қабылданады. Білім гранттарын тағайындау туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/prisuzhdenie-obrazovatelnogo-granta-dlya-pvo/index.php
Байланыс: 87172-57-78-96 – Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология кафедрасы