Мейіргер ісі факультеті деканатының жетекші әдіскері, «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс магистранты Мамырбекова Макпал Бауыржанқызы «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелерінің арасындағы «IV Халықаралық кітап басылымы», «Үздік СТУДЕНТ-2022» жобасында «ТМД-ның үздік студенті-2022» медалімен және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Салтабаева Улбосын Шералиевнаға және ғылыми кеңесшісі м. ғ. к., қауымдастырылған профессор Букеева Жанар Каналбаевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Макпалды кезекті жеңісімен құттықтаймыз және оған одан әрі биік белестерді бағындыруын тілейміз!