Astana IT University-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Astana IT University-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Astana IT University-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Университеттің ғылыми әлеуетін арттыру үшін озық ғылыми және білім беру бағдарламаларын қолдау және оқу үдерісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу маңызды. Осылайша, университетті зерттеу орталығына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатын жүзеге асыру үшін Астана медицина университеті осы бағытта еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынасты дамытуға ұмтылады.

Бүгін АстМУ ректоры Камалжан Надыров Astana IT University-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеуді және жүзеге асыруды, IT-білім беруді дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді және жобаларды жүзеге асыру үшін қолданыстағы зертханалық қондырғыларды өзара ұсынуды жоспарлап отыр. Маңызды мәселе әзірленіп жатқан жобаларды коммерцияландыру, сондай-ақ инновациялық экожүйені дамыту болып табылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика