Көмірқышқыл газымен улану өршіп тұр

Көмірқышқыл газымен улану өршіп тұр

Көмірқышқыл газымен улану өршіп тұр

Бүгінгі күнде қаламызда көмірқышқыл газынан улану жағдайлары етек жайып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда өртсіз газбен уланудан 6 адам артық зардап шеккен. Ең сорақысы, жыл қорытындысы бойынша 50 адам газдан уласна, оның 36-сы кәмелет жасына толмаған балалар. Тұрғындардың селсоқтығының салдарынан болатын жағдай Есіл ауданында ушығып тұр.

Тұрмыстық улану дегеніміз - пештің дұрыс жанбай, ыс шығару әсерінен, автокөліктен шығатын газдан және өрт кезіндегі көмірқышқыл газынан улану. Газбен иістену жылыту маусымы кезінде өте жиі кездесетін жағдай. Әсіресе жеке тұрғын үй секторларында бұл факт жиі тіркеледі. Адамдар өздерінің жылыту пештерінің жағдайына салғырттық танытып, пеш құбырларының жарылуы, түтін жолдарының бітелуінен қайғылы жағдайлар жиі тіркеледі. Себебі көмірқышқыл газы ағзаға тез тарап, адам өліміне де алып келуде.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жыл сайын тиісті шараларды атқарады. Тамыз айынан бастап жылыту кезеңі аяқталғанға дейін жеке тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде нұсқамалар береді, пеш құрылғыларының, мұржаларының ахуалын тексереді, анықталған ақаулар бойынша ұсыныстар береді. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына көмек ретінде улы газ датчиктері орнатылады. Мұндай датчиктер түтін немесе газдың иісі білінсе, бірден дабыл қағады. Бүгінгі таңда жыл басынан бастап қаламызда 113 жанұя улы газ датчигімен қамтылды.

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!

Өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірін аман алып қалу үшін пешке от жаққанда, отын салғанда есік-терезелерді ашып, үйді таза ауамен желдетіп тұрыңыздар. Пештің құбырларын, мұржаларын тазалап, түтіннің еш кедергісіз сыртқа шығауын қадағалаңыздар. Әсіресе жатар уақытында пештің жағдайы ойдағыдай екендігіне көз жеткізіңіз. Себебі адам ұйықтағанда иісті газбен уланғанын сезбей қалады.

Егер жоғарыда аталған келеңсіз жағдайға тап болсаңыз алдымен өзіңіздің уланып қалмауыңызды қамтамасыз етіңіз. Ол үшін қол астыңыздағы орамал, дәке немесе киімді сулап, сол арқылы тыныс алыңыз. Дымқыл мата уды ұстап қалады. Сондай-ақ бөлмелердің терезелерін ашып, бөлмені желдетіңіз. Зардап шегуші болса, дереу таза ауаға алып шығып, тыныс алуын қамтамасыз етіңіз.

Газбен улану жағдайына тап болсаңыз құтқару қызметіне 112, Жедел жәрдем 103, өрт сөндіру қызметіне 101, газ құбырларын жөндейтін мекемеге 104 телефон нөмірлері арқылы хабарласаңыз!


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика