«MED talks» іс-шарасы аясында «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің деканы, м.ғ.д., профессор Даленов Ерболат Дербісәліұлымен өткен кездесу

2022 жылғы 5 сәуірде «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың Спорт және жастар ісі жөніндегі орталығы Университет студенттерінің қатысуымен «MED talks» іс-шарасын бастады.

Бұл жобаның мақсаты: медицина саласындағы кәсіпқой мамандарды, танымал тұлғаларды, спортшыларды болашақ дәрігерлермен мотивациялық кездесулерге тарту, таратуға және жүзеге асыруға лайықты идеялар алаңын құру.

Алғашқы спикер ретінде Университетіміздің алғашқы түлегі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің деканы – Даленов Ерболат Дербісәліұлы сөз сөйледі. Өз сөзінде ол студенттерге адамның адамгершілік қасиеттері туралы, өзінің дәрігер ретіндегі жолы, өмір тарихы туралы айтып, студенттерді Университеттің оқытушылары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға, сондай-ақ өздерінің білім алып отырған Alma mater-ін жақсы көруге шақырды.

Ерболат Дербісәліұлы студенттерімізге үлкен мотивация берді.

Залда 250-ден астам жиналған студенттер спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, лайықты жауаптар алды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика