2022 жылдың 30 қаңтары мен 10 наурызы аралығында «Бірлік» жеке қоры «Қазақстан Республикасының 100 үздік маманы-2022» Республикалық байқауын өткізді. Байқауға 7 саланың өкілдері қатысты, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет және т.б.
Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының үздік мамандарын анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ байқау жеңімпаздарының жұмысының әдістемесі мен тәсілдерін зерделеу негізінде еліміздің түрлі саладағы үздік қызметкерлерін қолдау.
Байқаудың іргелі қағидаттарының бірі - жарысқа қатысушылардың барлығына тең жағдайлар мен мүмкіндіктер беру.
Байқау нәтижесінде Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Тұрғамбаева Асия Қайрбайқызы "Білім" саласы бойынша «Қазақстан Республикасының 100 үздік маманы – 2022» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Тұрғамбаева Асия Қайрбайқызы – үлгілі басшы, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, денсаулық сақтау ісінің үздігі.
2021 жылы Асия Қайрбайқызының жетекшілігімен Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасы «Қазақстан Республикасының үздік кафедрасы – 2021» Республикалық байқауында ГРАН ПРИ жүлдесін иеленіп, "Профилактикалық медицина" бағыты бойынша «Үздік кафедра – 2021» атағын алды.