«Астана медицина университетінің үздік түлегі» атағын беру үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Астана медицина университетінің үздік түлегі» атағын беру үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Астана медицина университетінің үздік түлегі» атағын беру үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру.

Интернатура мен резидентура түлектері арасында конкурс өтетінін хабарлаймыз.

Конкурстың мақсаты – меңгерген құзыреттер аясында қазіргі заманғы талаптар деңгейінде медициналық көмек көрсетуге қабілетті маман ретінде өзін танытқан Университет түлектерін ынталандыру.

Конкурсқа қатысудың жалпы критерийлері:

- оқу үрдісіндегі үлгерім көрсеткіштері;

- зерттеу қызметі (СҒЗЖ, журналдардағы жарияланымдар, конференцияларға қатысу және т.б.);

     - интерн мен резиденттің құзыреттілік деңгейлеріне сәйкестігі.

Құжаттар ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.

     Конкурс 4 кезеңде өтеді:

1-кезең – ҰТЕО-дағы өзін-өзі бағалау тестілеуінің нәтижесі;

2 кезең – игерілген клиникалық құзыреттер туралы бейнеролик;

3 кезең – портфолионы бағалау (резиденттер үшін);

4-кезең – ғылыми жобаның презентацияcы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

- конкурсқа қатысу үшін белгіленген үлгіде жазылған өтініш;

- ҰТЕО-дағы тестілеу нәтижесі (өзін-өзі бағалау);

- игерілген клиникалық құзыреттер туралы бейнеролик;

- ғылыми жобаның презентацияcы (электрондық түрде);

- резидентурада оқу кезеңіндегі резиденттердің портфолиосы;

- фотосуреті бар түйіндеме;

-кафедра меңгерушісі мен тәлімгер куәландырған мінездеме;

- дипломдар, сертификаттар (халықаралық, республикалық, аймақтық және қалалық олимпиадалар, конкурстар, фестивальдар және басқа да іс-шаралар);

- практикадан өткені туралы сертификаттар, сертификаттар (KAZTEST, IELTS, TOEFL), тағылымдамадан өткені туралы сертификаттар, жобалар мен бағдарламаларға қатысқаны туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);

- журнал, газет құжаттары, фотосуреттер, жетістіктерін көрсететін бейнематериалдар және басқа да құжат түрлері;

- (болған жағдайда) ғылыми жұмыстардың тізімі (тізімі, көшірмелері).

Ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін барлық құжаттарды PDF форматында kz-guka@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика