Жыл сайын студент жастар тарапынан бұл мамандыққа деген қызығушылық артып келеді. Астана медицина университетінің «Мейіргер ісі» факультеті мен кафедрасы 2019 жылы құрылған болатын.
Университеттің басшысы Камалжан Надыровтың айтуынша, факультет ашылған күннен бастап санағанда 77 түлек «Мейіргер ісі» бакалавры дәрежесін алып шыққан. Барлық түлектер 100% жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша 85 бакалавр, 13 магистрант және 2 докторант білім алуда.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жол картасы аясында біз алғаш рет тәжірибелі мейіргерлер болып табылатын менторлар жүйесін енгіздік»-, деп хабарлады К.Надыров. Барлық студенттер 1-курстан бастап пациенттерге күтім жасауды пысықтауға бағытталған практикалық оқытуға тартылады. Практикалық мейіргерлер үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленіп, табысты іске асырылуда.
Студенттер жетекші медициналық орталықтар базасында тағылымдама өтумен қоса, республикалық және халықаралық конференциялар мен конкурстарға да белсене қатысады.
12 мамыр - Халықаралық мейіргер күні
12 мамыр - Халықаралық мейіргер күні
