Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі

Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі

Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі

Табиғатқа шығу кезінде ең басты ереже - ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ережесі.

Статистикаға сәйкес, орман өрттерінің көпшілігі адамның немқұрайлығынан болады. Өрт өте қауіпті. Құрғақ ыстық ауа райында олардың ауқымы дүлей апаттарға әкеліп соғады. Орман өрттерінің нәтижесінде ұзақ уақытқа дейін көк шықпай, орыны бос қалады. Оның себебі қызмет ережелерін бұзу және орманда оттың қауіптілігін бағаламау. Сөйтіп шыны ыдыс, түіп қалған темекі тұқылы мен өшірілмеген от – бұның бәрі өрттің ықтимал көздері.

Орманда өрт болдырмау үшін тыйым салынады:

·       өрт қауіпі бар кезеңде ашық отты пайдалануға (көктемнің ортасы және соңы, жаз бойы және күздің басы);

·       көп құрғақ шөп жерлерде, жас қылқан жапырақты ағаштарда, кесілген ағаштардың қалдықтарынан тазартылмаған орман учаскелерінде, ағаштардың салбыраған сабақтары астында, ағаш қоймалары жанында ошақ жағуға;

·       егер өртке қарсы режим енгізілген жерлерде ормандарға бару үзілді-кесілді тыйым салынады;

·       өзімен бірге орманға тез тұтанатын сұйықтықтар, сондай-ақ сонымен сіңдірілген материалдар алуға;

·       орманда шыны сынықтарын қалдыруға тыйым салынады: күн сәулесінің түскен кезінде сынықтары шоғырланып, өрттің пайда болуына әкелі мүмкін;

·       орманда жанып тұрған оттық, бықсыған шүберектер, темекі лақтыру;

·       орман алаңшаларында, бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астына құрғақ шөпті жағу;

·       желді күні алауды жағуға және қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі туралы жаднама.

1.    Орманда алауды ерекше қажеттіліктерге жағдайда және арнайы дайындалған орындарда ғана жағу.

2.    Егер мұндай орындар болмаса, онда оны жағу үшін өзіңіз алаң дайындаңыз, оны шөптер, жапырақтар мен бұтақтардан топыраққа дейін тазалаңыз.

3.    Кетер алдында алау мұқият жойылу керек. Бірде-бір отын мен бұталар бықсып жатпағанына көз жеткізгеннен кейін ғана кету керек.

4.    Темекі қалдығын және сіріңкені лақтыруан бас тартыңыз.

Егер сіз абайсыздық танытып, өрт шықса, уақыт жоғалтпаңыз.

·       егер қасыңызда су болса, су құйыңыз;

·       жанында орналасқан барлық өсімдіктерге су құйыңыз, бұл өрт таралуына жол бермейді

·       жасыл бұтақтардан сыпырғыщ жасап, өрттің шетін жанынан, жалынның көлбеу ұрып, бұл кезде сыпырғышты бұрып отырыңыз;

·       жану орынын топырақпен жауып тастаңыз;

·       егер өрті сөндіру сәтсіз болса, орманшылық шаруашылығына бұл туралы хабарлаңыз;

·       егер өртті жеңе алмасаңыз, әрекетті тоқтатпаңыз және құтқару қызметіне күтіңіз.

Егер сіз орманда өрт ошағын байқасаңыз бірінші не істеу керек? Өрт күзеті, құтқарушыларға өрт туралы хабарлау қажет!

Егер өрт күшеймесе, оны су, жер, құм, бұтақтан жапырақты ағаш, тығыз киім арқылы сөндіруге әрекет етіңіз. Орманда өртін сөндірудің ең тиімді жолы - өрт жиегіне топырақ шашыңыз.

Егер от қатты жанып жатса, сіз оны сөндіру қолыңыздан келмесе, ол жерден алшақ кетіңіз.

Орманда өрттен қалай сақтану керек?

·       Табиғи өртті байқаған жағдайда, барлық жақын жерде тұрған адамдарды дереу ескертіңіз және ол аймақтан шығып кетуге тырысыңыз.

·       Орман жоғары өрт кезіндежерге қарай бүгіліп, тыныс алу жолдарын дамқал шүберекпен жауып орманды жағалаңыз.

·       Жолға, кең алаңға, қалың орманға, суқоймаға қарай шығу керек

·       Егер сізде шығуға ешқандай мүмкіндік болмаса, қауіпті аймақтан шығуға тырысыңыз және орманда қандай да бір су айдыны тауып және оған кіріңіз.

·       Өрт таралу бағытына перпендикуляр жүру керек, яғни желге қарсы. Жел өртті басқа жаққа бағыттайды.

Өрт кезінде зақымдану негізгі түрлері болып күйіп қалу және көмірқышқыл газымен улану табады. Көмек көрсету кезінде, ең алдымен, жанып жатқан киімді өшіру қажет, ал күйіп қалған теріге стерильді таңғыштар таңу керек. Адамдарға иіс тиген кезінде дереу оларды қарқынды түтін аймағынан алып шығып , қажет болған жағдайда, жасанды тыныс жасау керек.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика