Бұл туралы АстМУ-дың Жастар ісі және спорт орталығы Міндетті медициналық сақтандыру қорының (ММСҚ) өкілдерімен бірлесе өткізген дәрісте баяндалды.
Дәрістің мақсаты студенттердің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" (МӘМС) жүйесіне қатысуын арттыру және оларды жаппай қамту болды.
Дәріскерлер Ирина Подскоча және Гуламжан Джуманов тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Дәріс барысында студенттер шетелдік студенттердің тегін медициналық көмек алуына қатысты, ТМККК мен МӘМС қаражаты есебінен тіркелген емханаларда дәрі-дәрмекті кім ала алады және басқа да өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтарға жауап алды.