АстМУ-да оқу процесіне RBL әдістемесін енгізу бойынша семинар өтті

АстМУ-да оқу процесіне RBL әдістемесін енгізу бойынша семинар өтті

     Астана медициналық университетінде алғаш рет профессор-оқытушылар құрамы үшін "Оқу процесіне RBL әдістемесін енгізу" атты семинар ұйымдастырылды.

   Денсаулық сақтау жүйесі мамандарын даярлаудың үздік халықаралық практикасын талдау медициналық білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларындағы ғылыми-бағдарланған тәсілдердің түйінді орнын және медициналық білім беру ұйымдарының білім алушыларын ғылыми зерттеулерге ерте тарту қажеттілігін көрсетеді. Бұл дәрігерді даярлаудың жаңа моделін – research-based learning (RBL) қалыптастыруға әкелді. Зерттеу тәжірибесі бар студенттердің өз мамандықтары аясында одан әрі оқуға және кәсіби қызметке деген сенімділігі мен уәжі едәуір жоғары екендігі дәлелденді.

Семинарды № 2 Отбасылық медицина кафедрасының доценті, "Зерттеуші және ғалым" модулі бойынша педагогикалық біліктілікті арттыру бойынша тренер Гульнар Камалбекова өткізді. Барлығы 120-ға жуық оқытушы оқытылды.

Семинар барысында тыңдаушылар RBL модельдерімен, оқу процесіне RBL элементтерін енгізу әдістемелерімен танысты. Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушылар RBL әдістемесі негізінде жаңа инновациялық технологияларды енгізу жоспарының жобаларын ұсынды.

Семинар материалдары ЖАОК онлайн платформасында орналастырылған.

Алдағы уақытта осындай семинарды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 (7172) 53-95-12