"Мейіргер ісі" мамандығының магистранты Динара Өмірзахова "ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022" конференциясына қатысты.
"Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысының бірлестігімен ұйымдастырылған ТМД елдерінің "үздік жас ғалым-2022" V Халықаралық кітап басылымы ТМД және еуропа елдерінің жас ғалымдарының ғылыми және жеке табыстарын насихаттауға бағытталған бірегей жоба болып табылады.
Динара Өмірзақованың «The role of nursing care in chronic obstructive pulmonary disease» атты ғылыми мақаласы халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының II дәрежелі дипломымен және «ТМД үздік жас ғалымы-2022» медалімен марапатталды.
Жас дарынымыз Динараны құттықтаймыз және оның ғылыми жетекшісі, профессор Ұлбосын Салтабаева мен ғылыми кеңесші, доцент Әсем Қазанғаповаға жаңа табыстар тілейміз.
АстМУ магистранты Динара Өмірзахова "ТМД үздік жас ғалымы-2022" медалімен марапатталды
АстМУ магистранты Динара Өмірзахова "ТМД үздік жас ғалымы-2022" медалімен марапатталды
