Тараз, Түркістан, Семей, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Жезқазған, Орал. Осы қалаларда "Шылым туралы бар шындық" интерактивті көрмесі өтуде. Көрмеде темекі, вейп, IQOS, Glo тұтынудың зардаптары айтылады.
Аталған іс - шараның спикерлері - Дильдора Кахарова мен Калима Кударова. Олар - Астана медицина университетінің психиатрия және наркология бағытындағы резидент дәрігерлері. Олар қоғамдық мониторинг үйлестірушісі Наталья Чазованың басшылығымен темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша тренингтер өткізетін болады.
Көрменің ұйымдастырушылары - Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясы.
Қазақстанның 10 қаласында "Шылым туралы бар шындық" интерактивті көрмесі өтуде
Қазақстанның 10 қаласында "Шылым туралы бар шындық" интерактивті көрмесі өтуде
