АстМУ студенттері Беларусь Республикасында тәжірибеден өтті

АстМУ студенттері Беларусь Республикасында тәжірибеден өтті

АстМУ студенттері Беларусь Республикасында тәжірибеден өтті

Астана медицина университетінің 4 курс студенттері Халықтар Достығы ордені Витебск мемлекеттік медицина университетінде педиатрия бойынша оқу-өндірістік тәжірибеден өтті.

27 маусым мен 8 шілде аралығында Боранбаева Лиана, Дінәсіл Ұлпан, Ермек Айжан, Қамзин еркін, Қуат Сұлтан, Қонаев Айдана, Лензатова Аружан, Мұқанова Нұргүл Витебскте практикадан өтті. Топтың кураторы Жұмабаева Сәуле Мұратқызы болды.

 Біз студенттерден Витебск қаласына сапары туралы әңгімелеп беруді өтіндік.

Олардың айтуынша, оқу-өндірістік тәжірибе мынандай мамандандырылған педиатриялық базаларда өткен:

1. Витебск қаласының балалар Облыстық клиникалық орталығы, № 2 педиатриялық база

2. Паллиативтік көмек көрсететін мамандандырылған балалар үйі

3. ВММУ жанындағы оқу-клиникалық орталық Балалар клиникалық орталығының Шала туған балалар патологиясы бөлімшесі, Жансақтау бөлімі, Аллергология бөлімшесі, Неврология бөлімшесі, Пульмонология секілді бөлімшелерде тәжірибе өтіп, жаңа білім алды.

      Білімді бекіту анамнез жинау, клиникалық міндеттерді талдау, медициналық тарихты жазу, тесттер, пациенттерді бақылау (Әртүрлі патологиялар үшін пропедевтика дағдыларын қолдану) жүргізілді. Жансақтау бөлімінде студенттер BLS негіздерін, манекенде кеңірдек интубациясын жүргізуді үйренді. Тәжірибе барысында педиатриядағы фармакология, сондай-ақ антибиотикалық терапия мәселелері қозғалды.

     Мамандандырылған балалар үйінің базасында біздің студенттер Даун, Робен синдромдары бар, әртүрлі науқас-сырқаттары бар балалармен жұмыс істеуге, паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерді күтуге үйренді. ВГМУ бас ғимаратында анатомиялық және патанатомиялық мұражайлар болды. Оқу-клиникалық орталық базасында BLS негіздері, ЖКО-да зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, Крамер және Дитерихс шиналарын салу, реанимациялық науқастарға күтім жасау, лапароскопия кезінде хирургиялық тігістерді салу, УДЗ-диагностика негіздері бойынша білімдері бекітілді.

   Өндірістік практикамен қатар, сапардың мәдени-танымдық бөлігі де ерекше болды. Жастар Марк Шагал мұражайына, Қасиетті Успен кафедралды соборына, Минск қаласына саяхат жасаған. "Сталин сызығы" тарихи-мәдени кешенінде Беларусьтің Тәуелсіздік күні мерекесін өткізді. Ұлттық кітапханамен, Якуб Колос алаңымен, Ленинмен, Тәуелсіздік даңғылымен, Қызыл шіркеу және жоғарғы қала пункттерімен танысу студенттерге зор әсер қалдырды.

    Оқу-өндірістік тәжірибе барып қайтқан жастар: "Біздің университетке медициналық практикада жаңа білім мен тәжірибе алуға және алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз", - деп ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика