Астана медициналық университеті шығармашылық байқау жариялайды

Астана медициналық университеті шығармашылық байқау жариялайды

Астана медициналық университеті шығармашылық байқау жариялайды

Байқау жариялаймыз!

Байқау екі номинациядан тұрады:

1) АстМУ логотипінің үздік жобасы

2) АстМУ холының (Бейбітшілік, 49а мекен-жайындағы Бас ғимараттың және Сарыарқа, 33 мекен-жайындағы оқу корпусының кіреберісінің) үздік дизайны

Байқауға Астана медицина университетінің барлық студенттері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты:

·       шығармашыл студент жастарды анықтау және қолдау;

·       студент жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;

·       студент жастарды ЖОО үй-жайларының дизайны мен ішкі безендіруін жақсартуға тарту, студенттердің өздерінің тілектері мен қажеттіліктеріне құлақ асу. Үздік идеялар университетті безендіру барысында жүзеге асырады;

·       университеттің заманауи келбетін барынша көрсететін көркемдік шешімді іздеу;

·       университеттің бренд-тұғырнамасын әзірлеуге жастарды тарту және қызығушылығын дамыту;

·       логотипті одан әрі университеттің символикасы ретінде пайдалану үшін әзірлеу.

АстМУ холын безендіру кезінде негізгі аймақтардың дизайнын – оқуға арналған жұмсақ аймақтарды, шағын коворкингтерді және т. б. егжей-тегжейлі сипаттап, ұсыну қажет.

Байқауға материалдарды ұсыну тәртібі

Логотип жобасын конкурстық комиссияға берген кезде автор (авторлар) оның эскизін электрондық түрде немесе стандартты өлшемдегі парақта (А4 форматында) ұсынады.

Байқау жұмыстары электронды немесе баспа түрінде Бейбітшілік көшесі, 53 корпус 49а, 406 кабинетке және corpsite@amu.kz эл мекен-жайы бойынша университеттің баспасөз қызметіне қабылданады. Тақырыбында "Байқауға" деп көрсету қажет. Байланыс тел. 87172577896 (ішкі 545), 87078237070.

Логотип дизайнына қойылатын талаптар

Логотип университеттің жарқын, есте қаларлықтай символына айналуы тиіс. Логотип бейнелі, назар аударарлық, қарапайым түсінікті бейнелермен болуы тиіс, ол "Астана медицина университеті" деген бірегей емлені қамтуы мүмкін.

Логотипті бағалау критерийлері:

·       Мәні. Логотип берілген тақырыпқа сәйкес кескін жасауы керек;

·       Бірегейлік және өзіндік ерекшелік. Логотип бұрыннан бар белгілермен байланысты болмауы керек;

·       Қабылдау жеңілдігі. Логотип түсінікті және көрнекі қабылдау үшін тартымды болуы, университет қызметінің мәнін көрсетуі тиіс.

·       Масштабталу. Логотип бірдей жақсы қабылдануы керек және кез-келген қабылданған масштабта мәнін жоғалтпауы керек;

·       Бейімділік. Белгі кез келген тасымалдаушыда мәнін жоғалтпай көшірілуі тиіс. Оны түрлі-түсті және ақ-қара нұсқада басып шығаруға, түрлі тасығыштарда және формада (қағаз, экран, металл, тас және т.б.) орналастыруға болады.

Байқауды өткізу мерзімі: өтінімдер мен жұмыстар 31.07.2022 қоса алғанға дейін қабылданады.

Қорытынды шығару, байқау жеңімпаздарын марапаттау байқау комиссиясының отырысынан кейін өтеді.

Конкурстық комиссияның құрамы: "Ақылмандар кеңесі", университеттің баспасөз қызметінің, қаржылық қызмет және инфрақұрылымды дамыту департаментінің өкілдері.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика