Біздің университетіміздің жетістіктерінің бірі – «Табиғи адам ағзаларынан полимерлі бальзамдау әдісімен жасалған анатомиялық препараттар». Олар денсаулыққа зиянсыз, қолмен байланыста жағымды, формалиннің иісі мен зиянды әсері жоқ. Қазіргі уақытта ТМД аумағында(Санкт Петербургтен басқа) мұндай препараттардың аналогтары жоқ. ҚР-да анатомиялық препараттарды алғаш рет анатомия кафедрасында профессор- Әшім Болатұлы Аубакировтың басшылығымен жасалды. Оларды ауа өткізбейтін контейнерлерсіз сақтауға болады, кез-келген сыныпта және аудиторияда көрсетуге қауіпсіз