Ректорлар галереясы

Сіздердің алдарыңызда ректорлар галереясы. Жетекшілердің әрқайсысы университеттің дамуына үлкен үлес қосты.

Алғашқы ректор Станислав Дмитриевич Полетаев қысқа мерзім ішінде Целиноград МИ-ын Қазақстанның ірі және беделді жоғары оқу орындарының біріне айналдырды.

Хоменко Николай Михайлович-Целиноград қаласының жоғары оқу орындарының арасында алғаш рет «Хирургия» және «Қалыпты анатомия» мамандықтары бойынша диссертациялық Кеңес ашты.Жоғарғы білікті мамандарды даярлауға көп үлесін қосқан, жатақхананың 9 қабатты 2 жаңа корпусының құрылысын салуды ұсынған.

Корпачев Валентин Гаврилович –ЦМИ-ын 19жыл бойы басқарды. Институттың дамуына көп қарқынды жұмыстар жргізді. Оқу-зертханалық корпус, шағын отбасылық жатақхана салды, пәндерді мемлекеттік тілде оқытатын бөлімдер,педиатрия факультетін ашты. ЖОО профессор-оқытушылар құрамынан ғылым докторлары мен кандидаттарының саны артты Валентин Гаврилович қарапайымдылығы есте қалған.

Төлебаев Райс Қажкенұлы ҒЗИ және Ғорталықтың 10 филиалын ұйымдастырды.ЛОР аурулары бойынша докторлық диссертация қорғау кеңесін құрды.Райыс Қажкенұлының бастамасымен алғаш рет «Астана мендициналық журналы» шығарыла бастады.

Қазымбет Полат Қазымбетұлы –м.ғ.д.;профессор басшылық жасаған жылдары академияда «Фармация», «Стоматология», «Шығыс Медицинасы» факльтеттері

ашылды.Полат Қазымбетұлы АМУ бас корпусының құрылысына бастамашылық жасап,салғызды.

Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы –денсаулық сақтау саласының тәжірибелі ұйымдастырушысы, профессор. Әкімшілік-оқу корпусын іске қосты, мемлекеттік тілді дамыту бөлімін ашты, радиобиология лабораториясын құрды.

Жұмаділов Жақсыбай Шаймарданұлы - Аустрия, Жапония, Египет, Сингапур, Иран, АҚШ, Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты және оқытушы профессорлар құрамын біліктіліктерін арттыруға,тәжірибе алмасуға жіберді.

Осы жоғары оқу орнының түлегі Мажит Зейноллаұлы Шайдаровтың бастамасымен және тікелей қатысуымен Университетте алғаш рет музей ұйымдастырылды. Балтық жағалауы елдерінің, Украинаның, Ресейдің шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды және Университетке бірінші рет Үндістаннан, Пәкістаннан студенттер қабылданды.

Павалькис Дайнюс- Европалық Комиссияның денсаулық сақтау мәселелері бойынша ғылыми тобының мүшесі. Университетте ғылыми кеңестің орнына Сенат құрды.

Қазіргі уақытта университетті С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің . және «Тұран» университетінің түлегі Надыров Камалжан Талғатұлы басқарады. Камалжан Талғатұлы АҚШ, Түркия, Сингапур, Германияда білім алған. Іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Қазір университетте 10000нан астам студент білім алуда. Оның ішінде Индия, Пакистан, Иордания елдерінен келген дәріс алушылар бар. 1600 оқытушылар еңбек атқарады.

Тізімге оралу


© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика