Мұнда университет қызметінің барлық түрлерін жетілдіруге күн сайын күш салатын кафедралардың қалыптасу тарихын және ұйымдастырылуын бейнелейтін стендтер ұсынылған. ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жекелеген профессорлардың, тәлімгерлердің еңбегін ҚР Үкіметі жоғары бағалады және олар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.