ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жекелеген профессорлардың, тәлімгерлердің еңбегін ҚР Үкіметі жоғары бағалады және олар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жекелеген профессорлардың, тәлімгерлердің еңбегін ҚР Үкіметі жоғары бағалады және олар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
Рахимжанова Р.И. – м.ғ.д., профессор, академик Ж.Х.Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының меңгеруші. Педагогикалық қызметімен қатар сүт безі ауруларын кешенді сәулелік диагностикалау мәселелерін басым бағыттар бойынша таңдап, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Радиологтар мектебін құрды.
Төлебаев Р.К. – м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, кафедра меңгеруші. Оториноларингологияның дамуына үлкен үлес қосып, осы мамандық бойынша өз мектебін құрды.
Шайдаров М.З. - м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушысы, медициналық білім беруді жаңғырту және халықаралық қатынастарды кеңейту саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Батпенова Г.Р. - м.ғ.д., профессор, дерматовенерология кафедрасының меңгеруші. Көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы барысында дерматовенерологтардың жеке мектебін құрды, ол псориаз, терінің саңырауқұлақ аурулары, жыныстық жолмен берілетін ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерімен айналысады.