Құрылу тарихы
Офис-тіркеуші бөлімі білім алушылардың бүкіл оқу барысындағы оқу жетістіктерін есепке алу және тіркеу, білімді бағалаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету және білім алушылардың академиялық рейтингілерін есептеу, оқытудың кредиттік технология бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін сектор (бұдан кейін - бөлім) ретінде 2009 жылы ректордың бұйрығымен құрылды. Компьютерлік тестілеу бөлімі 2000 жылы білім алушылардың білімін орталықтандырылған тестілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында құрылған. 2019 жылдың қыркүйегінде офис-тіркеуші бөлімі және компьютерлік тестілеу бөлімі офис-тіркеуші орталығы болып қайта құрылды. «Астана медицина университеті» КеАҚ ұйымдық құрылымы мен штаттық орналасуының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы өзгеруіне байланысты офис-тіркеуші орталығы Офис-тіркеуші болып өзгертілді.
Мақсаттар
Негізгі мақсаты кредиттік оқыту технологиясы жағдайында білім алушылардың академиялық рейтингін есептеу, білім алушылардың барлық оқу кезеңінде оқу жетістіктерін тіркеуді сапалы жүргізу және білім алушылардың білімін тестілеудің орталықтандырылған қызметін ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру болып табылады.
Қызмет
- білім алушылардың білімін ағымдағы және аралық бақылау, қорытынды аттестаттау нәтижелерін тіркеу және мониторингілеу;
- білім алушылардың академиялық рейтингілерін есептеу;
- электив пәндер каталогін құрастыру процесін ұйымдастыру және бақылау;
- білім алушылардың электив пәндерге жазылуын ұйымдастыру және өткізу;
- академиялық топтар мен білім алушылардың жеке оқу жоспарларын құруға көмек көрсету;
- белгіленген нысандағы бірінші курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін білім алушыларға оқу пәндері бойынша берілген кредиттер/сағаттарды есепке алу;
- электрондық педагогикалық журналды жүргізу және уақтылы толтыруды, ведомостерді қалыптастыруды бақылау;
- ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу үшін қажетті ведомостарды дайындау;
- аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша жиынтық ведомостарын қалыптастыру және дайындау;
- ағымдағы транскрипт пен дипломға қосымшаны (транскрипт), сондай-ақ дипломға қосымшаның телнұсқасын (транскрипт) жүргізу, дайындау және ресімдеу;
- білім алушылардың үлгерімі бойынша есептерді қалыптастыру және жіберу, басшылықтың және құрылымдық бөлімшелердің сұраулары бойынша тестілеу нәтижелеріне талдау жүргізу;
- бос білім беру мемлекеттік гранттарын тағайындау бойынша конкурстық комиссия үшін ақпарат дайындау;
- жазғы емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін студенттерді, академиялық топтарды және факультеттерді GPA бойынша саралау;
- білім алушылардың академиялық үлгерімін есепке алуды жүргізу;
- білім алушыларды тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
- тестілеу нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу;
- тест тапсырмаларының банкін құру және қалыптастыру;
- оқу процесін автоматтандыруға қатысу (модуль: «Журнал», «Тестілеу»).
Жетістіктер
- электрондық журнал арқылы білім алушылардың үлгерімдерін автоматты түрде бақылауды жүргізу;
- қайта оқыту курсының электрондық журналын енгізу;
- электив пәндерге онлайн жазылу;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ашықтығы;
- дипломға қосымшаны автоматтандырылған түрде енгізу (транскрипт);
- студенттің өзінің оқу жетістіктерін автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жеке кабинет арқылы болжау мүмкіндігі.
Байланыс деректері
Астана қ.
Бейбітшілік көшесі 49А, 4-қабат, 402, 414-кабинет
тел.:8(7172)53-95-73, 27-31-90