Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мониторингілеу бөлімі

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мониторингілеу бөлімі

Басшылық
Рахметова Людмила Владимировна
бөлім бастығы


Жұмыс телефоны: 57-78-93 (вн. 258) 

Кадрлық құрам

Тапсырмалар

Бөлімнің негізгі міндеттері Университетке жүктелген міндеттерді іске асыру үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты тиімді жұмсау және үнемдеу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу және реттеу, заңдылық, жариялылық, ашықтық, адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар үшін тең жағдайлар қағидаттарын сақтау болып табылады.

Мақсаттар

Университетті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын сақтай отырып, қызметті жүзеге асыру процесінде қажетті тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету.

Функциялар

Бөлім өз құзыреті шегінде және заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Университеттің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2) бөлімнің мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметіне байланысты құжаттардың жобаларын әзірлеу және оларды бекітуге ұсыну;

3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету (мемлекеттік сатып алу порталына жылдық жоспардың импорты, жоспардың тармақтарын құру);

4) мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілетін конкурстар/аукциондар, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, бір көзден сатып алу туралы хабарландыруларды электрондық дүкен арқылы орналастыру;

5) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың жобасын талқылау хаттамасын, алдын ала рұқсат беру хаттамасын, рұқсат беру хаттамасын қалыптастыру;

6) мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілген конкурстардың/аукциондардың, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, бір көзден сатып алудың қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды электрондық дүкен арқылы жасасу.

Мемлекеттік сатып алу мониторингі саласында:

1) мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бөлігінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу (шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу);

2) Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;

Жергілікті (ішкі) норма шығару және ұйымдастыру-өкімдік құжаттаманың заңдылығын қамтамасыз ету саласында:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бастамашылық жасайтын құрылымдық бөлімшелерден келіп түсетін құжаттардың ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша ақпаратты (хабарландыруларды) орналастыру;

3) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге консультациялар беру.

Шағым-талап жұмысы саласында:

1) наразылық-талап қою жұмысын ұйымдастыру үшін шарттық міндеттемелерді бұзған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты дайындау және құқықтық қамтамасыз ету бөліміне жіберу;

2) соттың заңды күшіне енген шешімдері негізінде өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін веб-порталға өтінімдер жіберу.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика