Сапаны қамтамасыз ету орталығы

Сапаны қамтамасыз ету орталығы

Басшылық
Асылаева Қадиша Қусбековна
Басшы


Сапаны қамтамасыз ету орталығының басшысы – Асылаева Қадиша Қусбековна, университетті сертификаттау процедураларын, ISO, EFQM сапа стандарттарының талаптарына сәйкес инспекциялық аудитті дайындау, жүргізу және өткізу бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар; институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкестікке аккредиттеу; СМЖ ішкі аудитін жүргізу; ішкі нормативтік құжаттарды, қызметкерлерді ISO стандарттары бойынша оқытуды өткізу, университеттің АРТА, БСҚБТА және «Атамекен» ҰҚП рейтингтеріне қатысуын қолдау. 2007 жылдан 2018 жылға дейін Семей медицина Университетінде СМЖ бөлімінің маманы, басшысы болып жұмыс істеді. 2020 жылдан 2024 жылға дейін «Тұран-Астана» университетінің аккредиттеу және рейтинг департаментінде жұмыс істеді.

  Астана қ., Абай көшесі, 47, 730 кабинет
Байланыс тел.нөм.: 8 (7172) 57-78-96 (іш. 381)
эл. пошта: assylayeva.kh@amu.kz

Кадрлық құрам

Сапаны қамтамасыз ету орталығын құру мақсатында ISO 9001 сериялы халықаралық стандарт талаптары негізінде «Астана медицина университеті» КЕАҚ сапа менеджменті жүйесін енгізу және жетілдіру және оны жұмыс жағдайында ұстау қажеттілігі туындады.
Сапаны қамтамасыз ету орталығы университеттің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін әзірлейтін, еңгізетін және жетілдіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сапаны қамтамасыз ету орталығы өз қызметін университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп құжаттаманы әзірлеу, ішкі және сыртқы сапаны қамтамасыз ету процедурасын енгізу және өткізу жұмыстары бойынша жүзеге асырады.

Сапаны қамтамасыз ету орталығының міндеттері

Университеттің жұмысын ішкі сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру
Университеттің сапа менеджменті жүйесін енгізу және жұмыс қалпында ұстау
Бизнес-процестерді реинжинирингтеу, оңтайландыру, нәтижеге бағытталған процесстерді басқару тәсілін жетілдіру

Сапаны қамтамасыз ету орталығының функциялары

Сапаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және алқалы органдарымен өзара әрекеттесу
Университеттің сапа менеджменті жүйесінің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысын үйлестіру
Кафедралармен құрылымдық бөлімшелердің ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкес ішкі аудитті дайындау және өткізу
Университеттің СМЖ сыртқы сертификаттау/инспекциалық аудитінің дайындық жұмыстарын өткізу процедураларын ұйымдастыру және өткізу
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика